25.02.2019, 20:55 14366

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықта былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Әлихан Асханұлы Смайылов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Сондай-ақ, бүгін Парламент Мәжілісінің келісімі бойынша президент жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды.

Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Руслан Ерболатұлы Дәленов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны