10.12.2019, 17:03 1427

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan - Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады. Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы "Назарбаев орталығының" экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

- Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны