09.05.2019, 16:29 11722

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ болды

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді.

Нұр-Сұлтан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған Мәскеудегі әскери парадта болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ ретінде болды.

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді.

Парад барысында 35 жауынгерлік есептоптар, 130-дан астам заманауи үлгідегі әскери техника, 13 мыңнан астам әскери қызметшілер сап түзеп өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны