25.03.2019, 22:17 31766

Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті

Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Нұр-Сұлтан. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Анджей Дуда Ұлт көшбасшысының заманауи Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалап, достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын жемісті ілгерілетуге зор еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты.

Польша Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына мықты денсаулық, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуда тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны