25.03.2019, 22:20 31776

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

Н.Назарбаев пен А.Гүл бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Нұр-Сұлтан. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті.

А.Гүл Елбасына зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Н.Назарбаев пен А.Гүл бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны