26.03.2019, 21:24 16538

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

Украина президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұр-Сұлтан. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны