29.04.2019, 21:53 10139

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

- Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұр-Сұлтан. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

- Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, мен сіздің еліңізбен өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың осындай деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде арамыздағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты. Біз шекарамызды белгілеп, сенімге негізделген диалогтың деңгейін көтердік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы экономиканың түрлі секторларындағы қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

- Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны