07.07.2020, 23:20 8977

Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

Нариман Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирель атындағы университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нариман Нұрланұлы Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нариман Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирель атындағы университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014 жылғы қараша айынан бастап 2018 жылғы маусым айына дейін "Қазпошта" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. 2018 жылғы маусым айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны