20.02.2008, 17:54 2904

Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімімен Нартай Нұртайұлы Дүтбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Дүтбаев 1956-жылы туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген соң ҚР ҰҚК-нің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша қарсы барлаушылары басқармасының бөлім бастығы болып жұмыс істеді. ҰҚК төрағасының орынбасары болды. 2001-жылдың 12-желтоқсанында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР ҰҚК-нің төрағасы болып тағайындалды. Ал 2005 жылдың 6-сәуірінде ол ҰҚК академиясының басшысы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны