26.06.2017, 12:55 6189

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысына 2017 жылға 3,7 млрд. теӊге бөлінді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ мәліметінше аймақта бағдарламаға қатысушы ретінде 3 308 адам енгізіліп отыр.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Биыл жыл басынан бері "2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысына 2017 жылға 3,7 млрд. теӊге бөлінді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ мәліметінше аймақта бағдарламаға қатысушы ретінде 3 308 адам енгізіліп отыр.

Онда бағдарламаныӊ бірінші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 2830 адамды қамтамасыз етпек. Қазіргі таӊда қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілген. Оқу курстары 10 мамырдан басталып кетті.

- Жаппай кәсіпкерлікті дамыту негізінде "Бастау Бизнес" жобасы арқылы 937 адамды оқыту белгіленген. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаӊақорған, Шиелі аудандарында 1 топ бойынша 5 сәуір - 5 мамыр аралығында оқу курстары жүргізілді. Сонымен қатар, биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 505 адамды жолдау жоспарланғанды. Бүгінгі таӊда нақты 161 мекеме, кәсіпорындарға 490 адам жолданып отыр. Жастар тәжірибесіне нақты 403 мекеме, кәсіпорындарға 712 адам жолданды, соныӊ ішінде 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, - дейді басқарма басшысыныӊ міндетін атқарушы А.Есқараева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны