08.08.2017, 19:44 5337

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017 жылға 85,3 млрд теӊге қарастырылған

Жұмыспен қамту бағдарламасындағы 200 мыӊ адам (немесе қатысушылардыӊ 80,5%-ы) - жұмыссыз, ал 48,4 мыӊ адам (19,5%) өзін жұмыспен қамтыған саналады.

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017 жылға 85,3 млрд теӊге қарастырылған.

Жедел деректерге сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 1 тамызында Бағдарламаға қатысуға 276,2 мыӊ адам ниет білдіріп, оныӊ ішінде 248,4 мыӊ адам немесе 90%-ы Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасындағы 200 мыӊ адам (немесе қатысушылардыӊ 80,5%-ы) - жұмыссыз, ал 48,4 мыӊ адам (19,5%) өзін жұмыспен қамтыған саналады.

Есептік кезеӊде еӊбекпен қамтылған 213,9 мыӊ адамныӊ 83,4%-ы немесе 178,3 мыӊ адам міндетті зейнетақы жарнасына ие.

Тұрақты жұмысқа еӊбекпен қамтылғандардыӊ жалпы санынан (119,9 мыӊ адам) 56,1%-ы орналасты.

Бағдарламаныӊ алғашқы бағытында техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімдегі кәсіби оқумен қамтамасыз ету көзделген.

Бұл бағыт аясында ағымдағы жылдыӊ 1 қыркүйегінен Ұлттық бірыӊғай тестілеуден өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері үшін тегін кәсіби және техникалық білім қамтамасыз етілетін болады. Қажетті ережелер қабылданып, ҰБТ-дан өтпеген оқушылардыӊ тізімдері анықталды. 320-ға жуық білім беру ұйымдары мен колледждердіӊ және оқу орталықтарыныӊ тізбесі бекітілді.

21 мыӊға жуық жас толқын өкілі Бағдарлама есебінен 2,5 жылға, оқуын және шәкіртақысын төлей отырып, сондай-ақ, жол шығынын өтеу, біржолғы ыстық тамақпен қамтамасыз ету арқылы техникалық-кәсіби оқуға жолданады.

Ағымдағы жылдыӊ 1 сәуірінен еӊбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар тұрғысында жұмысшы кадрларды кәсіби оқыту басталды. Бүгінгі таӊда қысқа мерзімді курстарға 27,7 мыӊ адам жіберілген.

Министрлік пен "Атамекен" ҰКП арасында өзара ынтымақтастық пен әрекеттесу жайлы меморандумға қол қойылған. Қазіргі кезде "Атамекен" ҰКП тізіліміне 39 кәсіпорын енген.

Бүгінде Алматы мен Қызылорда облыстарында жұмыс берушілердіӊ оқу орталықтарында оқу басталған.

5 өӊірде (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маӊғыстау, Қостанай облыстары) қанатқақты тәртіпте мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімге арналған кәсіби оқыту сынақтан өтеді.

Қазірде Ақтөбе, Қостанай және Маӊғыстау облыстарында мобильді оқу орталықтарын жеткізу бойынша қызмет көрсетушілермен шарттар жасалып, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында байқау процедуралары өткізілуде.

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

Бұл мақсатта жаӊа Бағдарламада несиелеу ауқымы кеӊейіп, қала тұрғындары да қатысатын болып шешілді.

Несиеніӊ жоғарғы сомасы 18 млн теӊгеге дейін өсіп, мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығымен немесе ауылшаруашылығы кооперативін құрумен айналысқан жағдайда 7 жылға дейін анықталды және де түпкі қарыз алушыға жылдық несие мөлшерлемесі 6%-дан аспайтындайбелгіленді.

Бағдарламаға "Даму" қоры, "Қазагро" ұлттық басқарушы холдингініӊ еншілес ұйымдары - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы және "Қазагрогарант" АҚ сынды қаржы институттары жұмылдырылған.

Несиеге қолжетімділік өрісін ұзарту мақсатында несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маӊайында. "Ауылдағы шағын несиелеу" ережелерінде (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығымен бекітілген) заӊ жүзінде жеке тұлғаларға шағын несие алуға қажет құжаттар саны 30-дан 14-ке, заӊды тұлғаларға 9 құжатқа дейін қысқарды.

7 айда ауылда 3 102 шағын несие берілсе, оныӊ ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 581 адам, Аграрлық несие корпорациясы арқылы (Шағын несиелеу ұйымы мен Несиелік серіктестіктер) 521 адам несиеленген. Бұл ретте 1 886 адам немесе жоспардан 32,5% жаӊа Бағдарлама қаражаты есебінен шағын несие алған (5800 шағын несие).

Еӊ көп шағын несие Оӊтүстік Қазақстан (922) және Павлодар (144) облыстарында берілсе, еӊ азы Атырау облысында (40) тіркелген.

Осымен бірге, сәуір айында, Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға үйретуге және олардыӊ бизнес-жобаларын қолдауға арналған "Бастау-бизнес" жобасы бастау алды.

Бүгінгі уақытта кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 7 834 адам немесе жоспардан 52% (15 000 адам) қамтылып, оқуын 5 707 адам аяқтады.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен еӊбек ресурстарыныӊ ұтқырлығын арттыру арқылы еӊбек нарығын дамыту.

Үшінші бағыт жөнінде жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуде 213 мыӊнан астам адам еӊбекпен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 мыӊ адам немесе жоспардан 109,7%, қоғамдық жұмыстарға 61 мыӊға жуық адам немесе жоспардан 78,5% жіберілсе, 15 мыӊ жас маман немесе жоспардан 88,2% жастар тәжірибесіне жолданған. 120 мыӊдай азамат болса, жұмыс берушілердегі бос орындарға Жұмыспен қамту орталықтары арқылы тұрғызылған.

Еӊбек ұтқырлығын арттыру шаралары бойынша, Бағдарламаны тәжірибеде шыӊдау мақсатында, елдіӊ солтүстік және орталық облыстарындағы жұмыс берушілердіӊ қатысуымен еӊбек күші артық өӊірлерде 5 өӊіраралық бизнес-форум өткізу жоспарланған.

Ағымдағы жылы көшті қабылдайтын өӊірлердегі жұмыс берушілердіӊ атсалысуымен Оӊтүстік Қазақстан, Маӊғыстау және Алматы облыстарында өӊіраралық бос жұмыс орындары жәрмеӊкелері өтті.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 442 отбасы қоныс аударса, оныӊ 172-сі еӊбек күші артық өӊірлерден көшкен ішкі қоныс аударушылар болып саналады.

Бағдарламаға азаматтардыӊ ерікті қоныс аударуын ынталандыру тұрғысынан бірқатар қосымша шараларды енгізу мақсат етілуде:

- қоныс аударушыларға көш пен баспана жалдауға және қоныс аударушыларды орналастыру мәселелерін толық шеше отырып, тұрақты жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілерге субсидия беру;

- "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы қоныс аударушыларға қарыз бен субсидия берудіӊ оӊайлатылған жүйесі;

- қоныс аударушыларға ұзарту құқығымен әрі байқау өткізусіз өтеусіз негізде қолдану бойынша бау-бақша өсіруге, коммерциялық мақсаттар мен ауылшаруашылық қызметіне жер телімдерін беру;

- "Бизнес-бастау" жобасы бойынша оқудан соӊ жаӊа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру;

- түлектерді "Мәӊгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы бойынша ("Серпін - 2050") қоныс аудару жеріне қарамастан, Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны