29.02.2008, 15:48 3525

Наурыз айының басында Алматыда "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өтеді

Наурыз айының басында Алматыда "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өтеді

Алматы. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 3-5 наурызда Алматыда "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығу өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жаттығу тақырыбы "Тасқын жағдайында төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде құтқару және басқа да қажетті жұмыстарды дайындау және жүргізу".

"Жаттығу көктем мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайдың салдарын жоюға қалалық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою жүйесі мен халықтың дайындық деңгейі мен мүмкіндігін жоғарылату мақсатында жүргізіліп отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, жаттығу апаттық құтқару қызметтері мен құрылымдардың санын, құрамын, өз мақсатына сәйкестігін және іс-әрекеттерге дайындығын, сондай-ақ, материалдық-техникалық ресурстардың, энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерінің қор жағдайын тексеруге мүмкіндік береді.

Командалық-штабтық жаттығуға қалалық және аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою комиссиялары, қалалық және аудандық эвакуациялық комиссиялар, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті, қалалық және аудандық төтенше жағдайлар қызметтері, авариялық құтқару қызметтерінің құрылымдары, шаруашылық жүргізу және өмір сүруге аса қажетті болып табылатын объектілердің басшылары қатысады.

Жаттығу барысында көктем кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс жүзіндегі бірқатар шаралар орындалатын болады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар салдарын жоюға бағытталған құрылымдардың дайындығы тексеріліп, жаттығулар өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны