04.03.2010, 13:47 2757

"Наурыз банк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Мәскеуде ұсталды - қаржы полициясы

"Наурыз банк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Мәскеуде ұсталды - қаржы полициясы

Астана. 4 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Наурыз банк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Оразалы Ержанов Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі банктің қаржысын аффилиирлік кәсіпорындарының пайдасына заңсыз пайдалану арқылы банк клиенттерін 3,4 млрд теңгенің шығынына ұшыратқан, қызмет бабын пайдалану арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасаған және басқа да бірқатар қылмыстар жасады деген айып тағылып, 2005 жылдың қазан айында халықаралық іздеу жарияланған "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Оразалы Ержанов Мәскеуде ұсталды деген ақпаратты растайды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бұдан ертеректе Ержановтың сыбайластарын - банк басқармалары төрағасының бұрынғы орынбасары Нұри Дүйсебалиев, корпоративтік қатынастар департаментінің бұрынғы директоры Өмірәлиевті - сот мүліктерін тәркілеумен әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ, осы қылмыстық іс бойынша Ержановтың жақын туыстары - ағалы-інілі Нарбаевтар мүліктерін тәркілетіп, бес жылға бас бостандықтарнан айрылды".

"Қазір Мәскеуде ұсталған Ержановты одан әрі сотқа тапсыру үшін Қазақстанға экстрадициялауға шаралар қолданылуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны