06.02.2015, 23:04 4641

Наурызбай ауданын дамытуға бөлінетін қаржы ұлғаятын болады

Үстіміздегі жылы Алматы бюджетінде Наурызбай ауданын қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов өткен жылы мегаполистіӊ әкімшілік бірлігініӊ сегізінші ауданы аталған Наурызбай ауданында өткен жаӊа ауданныӊ әлеуметтік-экномикалық дамуыныӊ қорытындыларын талқылаған есепті кездесуде айтты

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы Алматы бюджетінде Наурызбай ауданын қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов өткен жылы мегаполистіӊ әкімшілік бірлігініӊ сегізінші ауданы аталған Наурызбай ауданында өткен жаӊа ауданныӊ әлеуметтік-экномикалық дамуыныӊ қорытындыларын талқылаған есепті кездесуде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы әкімі аудан құрылған кезден бастап мұнда үлкен жұмыстардыӊ жүзеге асқандығын, түрлі салаларда бірініші кезектегі мәселелердіӊ оӊ шешімін тапқандығын жеткізді, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

"Аудан құрылған соӊ біз қала бюджетінен 5 млрд 100 млн. теӊге бөлдік, оныӊ 900 миллионын білімді дамытуға жұмсадық. Барлық мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үш кезекпен оқытуды тоқтаттық. Денсаулық саласына бөлінген қаржы - 420 млн теӊге, мұнда да жөндеу жұмыстары жүргізілді, санитарлық көлік алынды, жедел жәрдем жұмысы жақсарды, оӊ пікірлер қалыптасты. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады", - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы айтып өткендей, биыл ауданды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып, 9 млрд. теӊгені құрайтын болады. Білім саласын дамытуға 1,8 млрд теӊге бөлінеді, 2400 орынды 2 мектептіӊ, 880 орынды 4 бала бақшаныӊ, 2 мектептіӊ сейсмикалық қуатын күшейтудіӊ, мектеп жанынан салынатын қосалқы құрылыстыӊ жобалық-сметалық құжаттары жасалады. Денсаулық саласында 1000 адам қатынайтын 2 емхананыӊ, жедел медициналық көмек станция құрылысыныӊ жобалық-сметалық құжаттары дайындалады. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылыққа 563 млн теӊге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстарғанда үш есеге көп. Қаржы ауданды абаттандыруға, көгалдандыруға, санитарлық тазалыққа жұмсалатын болады. Жол-инженерлік инфрақұрылмға бөлінетіні - 6,4 млрд, жолдарды жөндеуге - 300 млн, электрмен жабдықтау желісіне - 308 млн теӊге, су желісіне - 573 млн. теӊге және жылыту желісіне 181 млн теӊге жұмсалады.

"Жаӊа әрі жас ауданға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі. Аудан әкімі өзініӊ командасымен бірге осы қаржыныӊ барынша тиімді пайдалануын, жоспарлардыӊ жүзеге асуын, қаржыныӊ мақсатты жұмсаулын жіті бақылауы тиіс. Аудан тұрғындары оӊ өзгерістердіӊ қалыптасқандығын көре отырып, еліміздіӊ еӊ ірі қаласында тұратындықтарын сезінулері тиіс", - деп қорытындылады өзініӊ сөзін Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны