08.06.2011, 12:31 3333

Назарбаев 10 жетекші мұсылман елдерінен тұратын қаржы пулын құруды ұсынды

"Жаңа экономикалық ынтымақтастық жасау мақсатында біз Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы базасында мұсылмандар қауымдастығының экономикасы дамыған он елінен топтық диалог алаңын жасауды ұсынамыз. Ол елдердің қоры инвестициялық ынтымақтастық үшін қуатты қаржы пулын құруға мүмкіндік береді", - деді Н. Назарбаев.

Астана. 8 - маусым. Kazakhstan Today - Назарбаев 10 жетекші мұсылман елдерінен тұратын қаржы пулын құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 7-шi Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ДИЭФ базасында 10 жетекші мұсылман елдерінен қаржы пулын жасауды ұсынған.

"Жаңа экономикалық ынтымақтастық жасау мақсатында біз Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы базасында мұсылмандар қауымдастығының экономикасы дамыған он елінен топтық диалог алаңын жасауды ұсынамыз. Ол елдердің қоры инвестициялық ынтымақтастық үшін қуатты қаржы пулын құруға мүмкіндік береді", - деді Н. Назарбаев.

Бүгін Астанада IIV Дүниежүзілік ислам экономикалық форум өз жұмысын бастағанын еске салып өтеміз.

Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатқан іс-шараға 30-ға тарта қазіргі және бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, барлығы 2 мыңнан астам адам қатыспақ.

Форум "Ғаламдық экономикалық даму "Өзара қарым-қатынас, бәсекелестiк, ынтымақтастық" ұранымен өтеді.

Өткен жылдардағыдай, ДИЭФ басталардан бұрын Іскер әйелдер форумы және Жас көшбасшылар форумы Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен ашылғаны бұдан бұрын да хабарланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны