17.01.2011, 18:19 4357

Назарбаев 2012 жылы ішкі істер органдары туралы заңды әзірлеп, қабылдау туралы тапсырма берді

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы ішкі істер органдары туралы заңды әзірлеп, қабылдау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы ішкі істер органдары туралы заңды әзірлеп, қабылдау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, мемлекет басшысы "мәселе бет бейнесін өзерту туралы емес, түбірлі концептуалдық өңдеуде", деп атап көрсетті.

Бүгін ҚР Иділет министрлігінде өткен алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

"Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда Мемлекет басшысы былтырғы жылы жүргізілген құқық қорғау органдарын және сот жүйесін реформалау жөніндегі атқарылған шараларға оң баға берді. Жалпы алғанда, реформа аясындағы заңдар Иділет министрлігінің қолдауымен жүзеге асатындықтан, Мемлекет басшысының атқарылған жұмыстар бойынша позициясын білдіргім келеді. Бұл ретте Президент құқық қорғау және сот жүйесі бойынша заңдардың уақытылы қабылданғанын айтып, атқарушы және заң шығарушы биліктің жұмысын жоғары бағалады",-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы былтырғы жылы реформа аясында атқарылған шаралардың барлығы алғашқы қадам екендігін айта келе, басталған жұмысты тоқтатпау қажеттігін атап өтті. "2011 жылы құқық қорғау органдары және сот жүйесін реформалау саласында қолға алынған жұмыстар жалғасады. Атап айтқанда, Президент Үкіметке Ішкі істер министрлігі туралы заң жобасын әзірлеу туралы тапсырма жүктеді. Осыған орай Иділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жұмыс тобын құрып, іске кірісуі керек",-деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны