11.01.2008, 16:04 3004

Назарбаев "Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты

Назарбаев "Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты

Астана. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының "Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бұл қайғылы оқиға біздің жанымызға қатты батты. Қазақстан халқы мен өз атымнан апат салдарынан қайтыс болғандардың туыс-туғандары мен жақындарына, зардап шеккендердің барлығына қайғыларына ортақ екендігімізді білдіремін",- деп жария етті жеделхаттағы сөз дәйекті.

"Менің тапсырмам бойынша апаттың себептерін зерделеп, апат салдарын жою үшін және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету үшін үкіметтік комиссия құрылды",- деп айтылған президент жолдауында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны