27.12.2011, 13:41 4015

Назарбаев басшылық қызметтегілердің барлығына шетелде демалуға тыйым салды

"Мерекені елде, өз халқыңмен атап өту керек. Бұл алдағы жаңа жылға ғана емес, сондай-ақ барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелерге де қатысты", - деп атап өтті елбасы.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Назарбаев басшылық қызметтегілердің барлығына шетелде демалуға тыйым салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Президент Икімшілігінің, Үкіметтің, "Нұр Отан" ХДП басшылығымен өткен кеңес барысында елбасы осылай деп мәлім етті.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволардың барлық басшы қызметкерлері, барлық әкімдіктер үшін жаңа жылдық және өзге де мемлекеттік мерекелерде демалысқа шетелдік сапарға шығуға тыйым салды.

"Мерекені елде, өз халқыңмен атап өту керек. Бұл алдағы жаңа жылға ғана емес, сондай-ақ барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелерге де қатысты", - деп атап өтті Президент.

"Халықтың игілігі жолындағы біздің барлық бағдарламамыздың одан әрі жүзеге асуы және тыныштығымыз біздің қандай Парламентті таңдайтынымызға байланысты болады. Дағдарыс пен тұрақсыздықтың болуы мүмкін жағдайында, біз өз халқымыздың бірлігін сақтап, одан әрі нығайтуымыз қажет. Бұл тақырып ұдайы көңіл аударуды және белсенді жұмыс жүргізуді талап етеді", - деді Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны