14.08.2012, 10:27 3095

Назарбаев Бішкекте Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 2-ші саммитінің жұмысына қатысады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте 23 тамызда өтетін Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 2-ші саммитінің жұмысына қатысады, деп хабырлады дүйсенбіде ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.

Астана. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Назарбаев Бішкекте Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 2-ші саммитінің жұмысына қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте 23 тамызда өтетін Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 2-ші саммитінің жұмысына қатысады, деп хабырлады дүйсенбіде ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.

Оның айтуынша, түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің екінші Саммиті "Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық" тақырыбында өтетін болады. Саммит қорытындысы бойынша Бішкек Декларациясына қол қойылады деп күтілуде.

"Өздеріңізге белгілі, "Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесін құру туралы" келісімге 2009 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен қол қойылған болатын", - деп атап өтті Омаров.

Құрамына Изірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіретін аталмыш ұйымның негізгі мақсаты мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін ашу және олардың халықтарымен бірлесе отырып, түркі әлемінің мәдени-тарихи мұрасын насихаттауға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны