22.09.2011, 14:11 3756

Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасының Президенті Ханс Фишермен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.

Нью-Йорк. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today - Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасының Президенті Ханс Фишермен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.

Президент Түрік Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Эрдоғанмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңестің Президенті Херман Ван Ромпеймен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібі талқыланды.

Сессия аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенті Роза Отынбаевамен және Финляндия Президенті Тарья Халоненмен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Президенті Михаил Саакашвилимен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мәселесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібі талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны