03.09.2012, 17:03 3076

Назарбаев бұзақыларды еңбекпен тәрбиелеуге шақырды

"АҚШ-та кино жұлдыздары, белгілі саясаткерлер заңды жаза түрінде көше сыпыратыны барлығымызға белгілі. Олардың арасында Конгресс депутаттары да бар", -деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін V шақырылымдағы Қазақстан Парламентінің 2 сессиясы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұзақыларды еңбекпен тәрбиелеуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Ұсақ құқық бұзушылықтар бұл - мемлекет меншігіне қатысты жасалған қылмыс. Біз ең алдымен жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек. Құқық бұзушылық болған жерде еңбектік жазаның өтелуі қарастырылуы тиіс: үйдің кіреберісінде қоқыс қалдыратын болса, сот орындаушының қадағалауымен тәртіп бұзушы бір ай бойы баспалдақтарды жуып, жинасын. Қажет болса, ондай заңды да қабылдауға тиістіміз. Көшедегі шамды сындырса, оның шығынын өтеп қана қоймай, мысалы, екі апта бойы аллеяны сыпырсын", -деді Н.Назарбаев.

Президент бұл ретте, Американың ұстанған бағытын мысалға келтіріп өтті.

"АҚШ-та кино жұлдыздары, белгілі саясаткерлер заңды жаза түрінде көше сыпыратыны барлығымызға белгілі. Олардың арасында Конгресс депутаттары да бар", -деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны