Система Orphus

Назарбаев Еуропа Кеңесінің бас хатшысын қабылдады

12.10.2011, 10:37 1855

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - Назарбаев Еуропа Кеңесінің бас хатшысын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Торбьорн Ягландты қабылдаған.

Мемлекет басшысы ядросыз әлем үшін халықаралық форумы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан үшін бұл - өте маңызды оқиға. Президент Қазақстанның полигонды жапқан және ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде осындай форум өткізуге моральдық құқығы барын атап көрсетті. Таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысы ядросыз әлем үшін жаһандық қозғалысты бекіту туралы идея айтты.

Т. Ягланд өзі үшін Қазақстанда болғаны үлкен құрмет екеніне тоқталып өтті. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы жеке өзі және Еуропадағы көптеген адамдар еліміздің аймақтағы тұрақтандырушы күш ретіндегі рөлін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қазақстан көптеген этникалық топ бірге бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанының үлгісі болып табылады.

Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанның өз еркімен, бір жақты тәртіппен ядролық арсеналды пайдаланудан бас тартуы тарихи мәнге ие, маңызды қадам болып табылатынын атап көрсетті. Бұл бастама әсіресе, әлемді ядролық қарудан азат ету жөніндегі жаһандық компания аясында өте маңызды. Т. Ягланд Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау жалпыәлемдік үдерісінде өзінің белсенді қызметін жалғастыра беретініне сенімін білдірді.

Т. Ягланд Қазақстан таңданарлық табыстарға қол жеткізіп, аймақта ғана емес, сонымен бірге әлемдік аренада да белгілі серпінді мемлекетке айналғанын атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық перспективалары, Еуропалық Кеңес елдерінің конвенциясына қосылу және Еуропалық Одақпен қарым-қатынасын нығайту туралы мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны