05.10.2012, 10:07 3524

Назарбаев Қазақстан мұғалімдерін төл мерекелерімен құттықтады

"Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен миллиондаған отандастарымызды әлемді тануға жетелейсіздер, жоғары білімді, адамгершілігі мол, ұлтжанды азаматтар тәрбиелейсіздер, олардың кәсіби қалыптасуына жол ашасыздар, ел келешегінің іргетасын қалайсыздар", - деп Н.Назарбаевтың Қазақстан ұстаздар форумына қатысушыларға арнаған сөзі бүгін "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұстаздарды төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен миллиондаған отандастарымызды әлемді тануға жетелейсіздер, жоғары білімді, адамгершілігі мол, ұлтжанды азаматтар тәрбиелейсіздер, олардың кәсіби қалыптасуына жол ашасыздар, ел келешегінің іргетасын қалайсыздар", - деп Н.Назарбаевтың Қазақстан ұстаздар форумына қатысушыларға арнаған сөзі бүгін "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

Елбасы XXI ғасырдың лайықты ұрпағын тәрбиелеу үлкен жауапкершілік және мол құрметке лайық қажырлы еңбек екенін атап айтты.

Қашанда мұғалім бізді адамгершілікке, мәдениетке, өз ісіне деген адалдыққа тәрбиелейді.

Ирқашан ұстаз жүрегінде мейірім мен парасат ортаймасын, өз ісіне шынайы адалдық ұшқыны сөнбесін. Ерен еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Қазақстанда Мұғалімдер күні қазанның алғашқы жекменбісінде атап өтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны