30.01.2008, 18:17 3081

Назарбаев Қазақстан жастарын саясатқа белсене қатысуға шақырды

Назарбаев Қазақстан жастарын саясатқа белсене қатысуға шақырды

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жастары елдің саяси өміріне белсене қатысуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сіздердің кейбіреулеріңіз "Нұр Отан" партиясына, оның жастар қанатына кіргендеріңізді білем. Бұл жұмысты күшейтіп, саяси өмірге қатысу керек",- деді Н. Назарбаев бағдарлама стипендиаттарына қарап сөйлеген сөзінде. "Сіздер үшін бұл саяси өсу мектебі",- деп атап көрсетті ол.

"Нұр Отан" болашақтың, яғни сіздердің партияларыңыз болғандығын қалаймын. Сондықтан да сіздердің белсенді көмектеріңіз бен қолдауларыңыз керек",- деп үндеу жолдады президент жастарға.

"Егер көпұлтты Қазақстанда саяси тұрақтылық пен тыныштық болмаса, онда ештеңе де болмайды. Міне, мен неге осының бәрін сақтап, ақырындап алға жылжығым келеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны