08.04.2011, 17:08 4214

Назарбаев қазақстандықтарға жасаған таңдаулары үшін алғысын білдірді

Назарбаев қазақстандықтарға жасаған таңдаулары үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Назарбаев қазақстандықтарға жасаған таңдаулары үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы лауазымына қайта кіріскен Нұрсұлтан Назарбаев үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында осы елдің бүкіл халық сайлаған Президенті болу үлкен мәртебе. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау салтанатынан кейін мәлімдеген.

"Қазақстандықтар мені сайлай отырып, маған үлкен сенім артып отыр.Мен үшін әлемде теңдесі жоқ көпұлтты елдің Елбасы миссиясын жалғастыра отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында осы елдің бүкіл халық сайлаған Президенті болу үлкен мәртебе. Осы сайлауда маған сеніп, шын мәнінде өздерінің қолдауларын көрсеткен азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Бұл біздің Қазақстан сияқты сәтімен дамып отырған мемлекетті құру жолындағы ортақ еңбегіміздің ең жоғары бағасы. Мен еліміздің шын досы болып табылатын әлемнің барлық аймағындағы елдерге алғысымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Елбасы көптеген мемлекеттердің басшыларынан құттықтау алғандығын айтты. "Мұндай құттықтаулар әлі де болса келіп түсуде. Мен олардың барлығына да ризамын. Өйткені бұл тек қазақстандықтардың қалауына ғана емес, біздің стратегиялық бағытымызға көрсетілген шын мәніндегі қолдау. Құттықтаулар еліміздің де түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Мен өзімнің отандастарыма жылы лебіздері мен ақ көңілдері үшін алғыс айтамын. Олар маған не тілесе, мен де оларға соны тілеймін",-деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны