17.01.2008, 18:30 3042

Назарбаев көп партиялы жүйеде бір партияның басым болуын тиімді басқару моделі деп санайды

Назарбаев көп партиялы жүйеде бір партияның басым болуын тиімді басқару моделі деп санайды

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп партиялы жүйеде бір партияның басым болуын Қазақстан үшін тиімді басқару моделі деп санайды. Мұндай пікірді мемлекет басшысы бүгін "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, дамудағы белестер, көбінесе саяси партияның тиімді негіздері мен жетекшілігі есебінен қамтамасыз етілді. Жапония, Швеция, Сингапур, Малайзия елдерінің тәжірибесінде, көп партиялық жүйеде бір жетекші партияның басым болуы, саяси өзгерістер мен экономикалық реформалар кезеңінде ең тиімді басқару түрі болғанын көрсетті. "Осындай заманауи тиімді партияны біз Қазақстанда құрып, нығайтып жатырмыз, бұл- "Нұр Отан" партиясы", - деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, "партия Қазақстан қоғамын біріктіру ролін өз қолына алу керек". "Нұр Отан" жалпы ұлттық саяси серіктестігінің құрылымын құру бастамасын бастап, барлық саладағы қоғамдық пікірлер мен ұстанымдар бойынша қарым - қатынастарын орнату керек ", - деп атап өтті Н.Назарбаев. "Бұл дегеніңіз, басқа партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, соның ішінде оппозициялық және мемлекеттік емес ұйымдармен екі жақты диалогтық механизмдерді дамыту қажет", - деді ол. "Нұр Отан" партиясының стратегиялық жоспарында жетілдіру жолында жаңа қадам жасау үшін, ұлтты біріктіру міндеті тұр", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны