23.09.2011, 16:50 4502

Назарбаев Обамамен кездесті

Кездесулер барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар мәселелері талқыланды.

Астана. 23-қыркүйек. Kazakhstan Today - Назарбаев Обамамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен, Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен, Финляндия Президенті Тарья Халоненмен, Украина Президенті Виктор Януковичпен, Польша Президенті Бронислав Коморовскиймен, Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен, Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен, Словения Президенті Данил Тюркпен кездесті.

Кездесулер барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны