02.07.2014, 20:12 2912

Назарбаев орталығы қазақстандықтардың мақтанышына айналады - Елбасы

Бүгін Назарбаев орталығының жаңа мекемесінде Елбасы "Ұлт көшбасшысы-Тұңғыш Президент кітапханасының" жұмысымен танысты.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Назарбаев орталығының жаңа мекемесінде Елбасы "Ұлт көшбасшысы-Тұңғыш Президент кітапханасының" жұмысымен танысты.

"Біз бүгін тұңғыш рет Тұңғыш Президент-Ұлт көшбасышының кітапханасында индустрияландыру және инновация бойынша отырыс өткізгелі отырмыз. Бұл ғылымды тарату мен тарихты оқуға арналған жаңа орталыққа айналады.Елордада салынған заманауи архитектура алыбы Норман Фостердің 3-ші еңбегі", - деді Н. Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, мекеменің үстіңгі жақтағы шыны жабылымы қысы-жазы табиғи күн сәулесін өткізуге мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.

"Бұл біздің "жасыл" экономикаға өтуіміздің, энергия үнемдеуге ұмтылудың жолы. Бұл "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындықтың маңызды бастамасы. Мекеме қазақстандықтардың мақтанышына айналатынына сенімдімін", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы бүгін Астанада Ұлттық тарихи мұражайдың ашылу салтанаты өтетінін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны