14.07.2008, 19:22 2676

Назарбаев Пекин Олимпиадасына аттанатын Қазақстандық спортшыларды жоғары нәтиже көрсетуге шақырды

Назарбаев Пекин Олимпиадасына аттанатын Қазақстандық спортшыларды жоғары нәтиже көрсетуге шақырды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пекин Олимпиадасына аттанатын Қазақстандық спортшыларды жоғары нәтиже көрсетуге шақырды. Бұл туралы президент бүгін Қазақстанның олимпиадалық құрамасының спортшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің олимпиадалық құрамасы қолдан келгеннің бәрін жасайды дегенге шүбә келтірмеймін. Бұл жерде сәттілік керек, бірақ сәттілік адамға дайындығы бар кезде көмектеседі. Мен сіздер өздеріңізден күткен нәтижеге қол жеткізе алады деп сенемін", - деді президент.

"Осындай жағдайда айтады ғой : отандарыңыз сіздерден жеңіс күтеді. Бұл мақсатты сіздер орындай алады дегенге кәміл сенемін", -деді Н. Назарбаев.

"Барлық Қазақстандықтармен бірге мен сіздерге табыс, сәттілік, жақсы көңіл-күй мен жақсы көрсеткіштер тілеймін, елімізге жеңіспен оралыңыздар", - деді мемлекет басшысы.

Пекиндегі XXIX жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 8 мен 24 аралығында өтеді, онда 41 спорт түрі бойынша 302 медаль кешені ұсынылады. Бұл ойындарға әлемнің 203 елінен 10,5 мыңнан астам спортшы қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны