10.09.2012, 17:04 3040

Назарбаев пен Бордюжа ҰҚШҰ-на Қазақстанның төрағалық етуі мәселесін талқылады

Келіссөздер барысында ҰҚШҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық және Ұйымға Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыру мәселелері талқыланды.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Келіссөздер барысында ҰҚШҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық және Ұйымға Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыру мәселелері талқыланды.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Мемлекет басшысы Ұйымның Бас хатшысының және оның жұмыс органдарының алдында тұрған алдағы іс-шараларға дайындыққа қатысты бірқатар нақты міндетті атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны