02.02.2007, 17:52 3210

Назарбаев пен Ющенко шағын құрамда келіссөздер жүргізді

АСТАНА. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Киевте Мариинск сарайында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Виктор Ющенконың ресми кездесу салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ураина президентінің баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, В. Ющенко "өзінің қазақстандық әріптесін сарай алдында қарсы алғаннан кейін, әскери оркестр екі елдің әнұранын орындаған".

Шағын құрамдағы келіссөзді бастаған В. Ющенко, Украинда Қазақстанмен арадағы қатынастың жоғары бағаланатындығын және екі ел арасындағы қатынастың "тығыз және тұрақты" екендігін айтып өтті. "Екі жыл ішінде төртінші рет өтіп отырған бүгінгі кездесу екі ел арасындағы қатынастың сенімді және баянды екендігінің куәсі",- деді Украина президенті.

Қазақстан Республикасының елбасы, жоғары деңгейдегі мұндай байланыстардың екі жақты қатынастардың дамуына өз көмегін тигізетіндігіне сенімді екендігін айтып өтті.

Н. Назарбаев, 2008 жылы Украинада Қазақстан жылын және де Қазақстанда Украина жылын өткізу украин мен қазақ халқының арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетіндігін атап өтті.

Президенттердің бетпе-бет кездесуінің аяқталуына орай, екі ел басшысының төрағалығымен кеңейтілген құрамда украиндық-қазақстандық келіссөздер өтеді. "Келіссөздер екіжақты құжаттарға қол қоюмен аяқталады",- деп хабарлады Украина президентінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны