29.08.2012, 18:37 3096

Назарбаев пен Путин аймақаралық ынтымақтастықтың ІХ форумына дайындық жайын талқылады

Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сәрсенбі күні телефон арқылы әңгіме барысында аймақаралық ынтымақтастықтың ІХ форумына дайындық жайын талқылады, деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметі.

Мәскеу. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Назарбаев пен Путин аймақаралық ынтымақтастықтың ІХ форумына дайындық жайын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сәрсенбі күні телефон арқылы әңгіме барысында аймақаралық ынтымақтастықтың ІХ форумына дайындық жайын талқылады, деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшылары қырқүйекте Павлодарда өткізу жоспарланып отырған Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастықтың ІХ форумына дайындық жайын талқылады", - делінген Кремль сайтында жарияланған ақпаратта.

Бұдан басқа, баспасөз хабарламасында айтылғандай, В.Путин мен Н.Назарбаев Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық байланыстардың өзекті мәселелері бойынша, соның ішінде, Ресейдің ДСҰ-ға өтуі контекстіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен бірге, Ресей мен Қазақстан президенттері Орталық Азия аймағындағы көпжақты экономикалық жобаларға бірлесе қатысу перспективаларын талқылады.

Иңгіме барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері де сөз болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны