31.07.2013, 11:14 8192

Назарбаев пен Путин екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Иңгімелесу кезінде мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді дамыту саласындағы уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгімелесу кезінде мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді дамыту саласындағы уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Санкт-Петербург қаласында өтеді деп жоспарланып отырған G-20 саммиті бағдарламасының негізгі аспектілері туралы да сөз қозғады.

Бұған қоса, екі мемлекеттің көшбасшылары өңіраралық ынтымақтастық перпективаларын, соның ішінде биыл Бішкекте өтеді деп күтіліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады.

Соңында тараптар екіжақты және өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны