14.02.2007, 16:10 3118

Назарбаев пен Рахмонов Астанада екі елдің кәсіпкерлер форумын өткізу туралы келісімге келді

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада үстіміздегі жылы Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы өтеді. Екі ел кәсіпкерлерінің форумын өткізу туралы келісімге Ашхабадта Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстанның елбасы Эмомали Рахмоновтың кездесуі барысында қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тәжікстан жағының өтінішімен болған кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланған. Мемлекет басшылары екі жақтың тауар айналымдарының айтарлықтай өсіп, 2006 жылы 315 млн АҚШ долларын құрағандығын және де инвестициялық және қаржы саласындағы ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, президенттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Э. Рахмонов қазақстандық іскерлерді одан да белсенді инвестициялық ынтымақтастыққа шақырды.

Сондай-ақ, кездесу барысында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Ашхабадқа бүгін өткен Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтау салтанатына қатысуға келген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны