31.01.2014, 18:37 13355

Назарбаев пен Шойгу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады

Мемлекет басшысы мен Ресей қорғаныс министрі екі елдің қорғаныс саласындағы өзара ықпалдастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, тиісті келісімдерді одан әрі іске асырудың негізгі жолдарын айқындады.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Иңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери және әскери-техникалық екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрінің сапары Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

- Қазіргі уақытта барлық мәселелер біздің елдеріміз арасындағы достық және сенімді байланыстар арнасында шешімін табуда. Сондықтан бұл сапар ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға да қызмет етеді, - деді Мемлекет басшысы.

С.Шойгу кездесу үшін алғыс айта отырып, Қазақстанның қорғаныс министрлігі басшылығымен жүргізілген келіссөздер туралы айтты.

Мемлекет басшысы мен Ресей қорғаныс министрі екі елдің қорғаныс саласындағы өзара ықпалдастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, тиісті келісімдерді одан әрі іске асырудың негізгі жолдарын айқындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны