28.11.2012, 21:26 3095

Назарбаев пен Сүлейменов Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығын дамытудың келешегін талқылады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығының жай-күйі мен даму келешегі талқыланды.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығының жай-күйі мен даму келешегі талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыздың бұл ұйыммен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.

О.Сүлейменов Астанада өткен "Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз еркін әлемге" атты халықаралық конференцияның маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, О.Сүлейменов Қазақстан Президентін Астанаға "ЭКСПО-2017" бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығы берілуімен құттықтады және бұл оқиға еліміздің одан әрі экономикалық дамуы үшін маңызды рөл атқаратынын айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны