05.06.2012, 10:02 3297

Назарбаев "Ресей темір жолы " ААҚ президентін қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Якунин Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағы шарттары аясында теміржол көлігінің жұмыс істеуін, сондай-ақ темір жолды дамыту және тарифтерді сәйкестендіру мәселесін талқылады.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ресей темір жолдары" ААҚ президенті Владимир Якунинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Якунин Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағы шарттары аясында теміржол көлігінің жұмыс істеуін, сондай-ақ темір жолды дамыту және тарифтерді сәйкестендіру мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол көлігі арқылы тасымал көлемінің тұрақты артуы байқалып отыр. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалының көлемі 100 миллион тоннаға артты. Исіресе, екі елдің аумағы бойынша транзиттік жүк тасымалында прогресс байқалуда және Кеден одағы аясында - теміржолмен жүк транзиті бір жарым есеге өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны