25.01.2011, 14:22 4219

Назарбаев РФ президентіне адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Домодедово" әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім. Қазақстан халқы және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын,- делінген көңіл айту жеделхатында.

Бұрын хабарлағанымыздай, 24-қаңтар күні Домодедово әуежайында болған лаңкестіктен 35 адам қаза тауып, 180 адам жараланды. Жараланғандардың 40-тан астамының ахуалы нашар. РФ Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы (лаңкестік), 105- бабы (адам өлтіру) және 222-бабы (қару-жарақ пен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаза болғандардың арасында шетелдіктер, атап айтқанда Словакия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Тәжікстан азаматтары бар. Ресейдің ресми органдары "Домодедово" әуежайындағы жарылыстың салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ештеңе хабарлаған жоқ. Қазақстанның Ресейдегі елшілігіндегі дереккөздің де ақпары бойынша, Қазақстан азаматтары туралы қандай да мәлімет түскен жоқ.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, келушілерді қарсы алып тұрған топтың ішінде болған жанкешті сағат 16.33 кезінде жарылғыш затты іске қосқан. Лаңкестік құрбандарының қатарында такси жүргізушілері мен қарсы алушылар көп болған. Бомбаның қуаты тротилге балама 5-7 келіні шамалап отыр.

Аталмыш дерек бойынша үш еркек пен бір әйелге іздеу жарияланды.

РФ Президенті Дмитрйи Медведев лаңкестік оқиғаға байланысты өткізілген шұғыл кеңесте Ресейдің барлық әуежайлары мен ірі көлік тораптарында ерекше режим енгізуге бұйрық берді. Ол сондай-ақ лаңкестік салдарынан зардап шеккендерге және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді міндеттеді. "Зардап шеккендер дереу медициналық көмек алулары үшін, қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын", - деп мәлім етті РФ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны