17.08.2012, 16:29 4541

Назарбаев спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XXX жазғы Олимпиялық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, барша қазақстандықтарды Қазақстан ұлттық құрамасының Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиялық ойындардағы жеңісімен құттықтады.

Астана. 17-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Н.Назарбаев спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XXX жазғы Олимпиялық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, барша қазақстандықтарды Қазақстан ұлттық құрамасының Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиялық ойындардағы жеңісімен құттықтады.

Рәсім ұлттық құраманың спортшылары мен жаттықтырушыларын мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұласты.

Велошабандоз Александр Винокуров, боксшы Серік Сәпиев және ауыр атлет Илья Ильин "Отан" орденімен марапатталды. Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Ольга Рыпакова II дәрежелі "Барыс" орденіне ие болды.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевке "Парасат" ордені табыс етілді.

Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері Иділбек Ниязымбетов, қола жүлдегерлер - балуан Даниял Гаджиев, боксшы Иван Дычко, балуан Гүзел Манюрова, боксшы Марина Вольнова, балуан Ақжүрек Таңатаров "Құрмет" орденімен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны