29.11.2012, 18:20 3064

Назарбаев Тоқаевпен Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығын одан әрі тереңдету келешегін талқылады

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығын одан әрі тереңдету келешегі қаралды.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығын одан әрі тереңдету келешегі қаралды.

Мемлекет басшысы әлемдегі шиеленістердің келіссөздер жолымен шешілуі қажеттігіне тоқтала келе, бұл ретте БҰҰ маңызды рөл атқаруы керектігін атап өтті.

Осы орайда, Қ.Тоқаев БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі Конференциясының қазіргі қызметі туралы айтты және ядролық қаруға тыйым салу мен ядролық арсеналды қысқарту үдерісіндегі Қазақстанның жетекші рөлін атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туралы Халықаралық көрмелер бюросы мүшелерінің шешімімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны