11.02.2011, 13:39 3976

Назарбаев ҰҚК Шекара қызметінің басшысын тағайындады

ҚР президенті Н. Назарбаев ҰҚК Шекара қызметінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР президенті Н. Назарбаев ҰҚК Шекара қызметінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Исатайұлы Қырғызбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды елбасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, Нұржан Кершайызұлы Мырзалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметіне тағайындалған.

Сонымен қатар, елбасының өкімімен Болат Нұрмұрзаұлы Садықов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны