15.06.2015, 12:18 4007

Назарбаев Университеті толыққанды білім беру орталығына айналды

Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетініӊ алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетініӊ алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл еліміздегі білім беру жүйесініӊ еӊ айшықты күні болып саналады. Себебі әлемдік деӊгейдегі тұӊғыш университет студенттерініӊ алғашқы легін біз үлкен әлемге шығарып отырмыз, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Біз университетті құрғанда бұл жерде әлемдік деӊгейдегі мамандар дайындауды жолға қоюды мақсат еткенбіз. Бүгін сол мақсат толық орындалды", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Университет түлектерініӊ білімі әлемніӊ еӊ жоғарғы оқу орындарыныӊ талаптарымен толыға түскенін баса айтты.

"Бұл меніӊ тікелей бастамам мен қамқорлығымныӊ нәтижесінде жүзеге асқанын білесіздер. Ұстаздар қауымыныӊ қажырлы еӊбегі мен тәжірибесініӊ арқасында мүмкін болды. Жас өрендеріміздіӊ ғылым көкжиегіне деген құштарлығы мен ізденісі арқылы орын алды. Осылай Назарбаев Универсиеті толыққанды білім беру орталығына айналды", - деді ҚР Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны