22.09.2011, 16:16 4360

Назарбаев жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базанын қалыптастыруды ұсынды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базанын қалыптастыру маңызды деп ойлаймын. Оның негізі - 2002 жылы қабылданған, киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетінің 9 элементі туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы", - деп мәлім еткен Н. Назарбаев.

Нью-Йорк. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today - Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базанын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базанын қалыптастыру маңызды деп ойлаймын. Оның негізі - 2002 жылы қабылданған, киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетінің 9 элементі туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы", - деп мәлім еткен Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, ақпараттық кеңістік - бұл сала адамзаттың болашағы үшін жер қойнауы, ауа мен су әлемі, ғарыш тәрізді маңызды.

"Алайда бүгінгі күні ақпараттық үдерістерді реттейтін бірде-бір халықаралық конвенция, бірде-бір көпжақты келісім жоқ. Банктерге, компанияларға, мемлекеттік мекемелепрге, әскери және ядролық нысандарға жасалған хакерлік шабуылдардың көп жағдайда жазасыз құтылуының себебі де сол емес пе", - деп ескерді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны