20.06.2008, 10:11 1763

Назарбаев Жапония кәсіпкерлерін Қазақстандағы индустриялық-инновациялық өндірістерге инвестиция салуға шақырды

Назарбаев Жапония кәсіпкерлерін Қазақстандағы индустриялық-инновациялық өндірістерге инвестиция салуға шақырды

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония кәсіпкерлерін Қазақстандағы индустриялық-инновациялық өндірістерге инвестиция салуға шақырды. Президент Токиодағы Қазақстан делегациясы мен Жапонияның іскерлік элитасына арналған қабылдауда сөйлеген сөзінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен сіздерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Елімізді көршілес үлкен нарықтарға, атап айтар болсақ, Ресей, Қытай, Орталық Азия, Иран, Пакистан, Кавказ елдеріне енетін база ретінде қарастыруды ұсынамын", - деп Жапония кәсіпкерлеріне үндеу тастады.

"Қазақстанда инвесторлар жұмыс жасауға қажетті жағдайлардың барлығы да бар. Шетелдік инвестицияларды қорғауды толығымен қамтамасыз ететін либералдық нарықтық экономика, заңнама бар. Инвесторлардың жұмысы үшін ешқандай да шектеулер жоқ", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев. "Илемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға тартымды 20 мемлекеттің қатарына қосқан", - сөзіне дәйек келтірді мемлекет басшысы.

"Қазіргі заманда тек әлемдік өндіріс қана емес, әлемдік тұтыну да біртіндеп дамушы елдерге, оның ішінде Азия елдеріне қарай тартылуда. Және бүгінгі таңда ірі трансұлттық компаниялардың 2/3 өз бизнестерін Азия құрлығында дамытуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар", - деп атап көрсетті президент. "Біздің бұған берер жауабымыз дайын. Энергетикалық ресурстар мен үлкен нарықтардың іргеде болуы экспортқа бағытталған өндірісті дамыту үшін пайдалы әрі қолайлы база ретіндегі Қазақстанды танытады", - деп мәлімдеді ол.

"Біз Қазақстандағы жоабаларды жүзеге асырудағы барлық маңызды сатыларында қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп сендірді президент. Оның айтуынша, институционалдық қолдау осы мақсат үшін арнайы құрылған, барлық қаржылық құралдарға ие "Қазына" холдингі арқылы іске асырылады. "Сондай-ақ, "Самұрық", ҚазАгро" мемлекеттік холдингтері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сіздердің серіктестеріңіз бола алады", - деп атап көрсетті ол.

"Мен Жапонияның ірі кәсіпорындарын Қазақстанға батыл жобаларымен бірге келуге шақырамын. Қазақстандағы Жапония компанияларының қазіргі стратегиясын өзгертетін және сауда операцияларынан тікелей инвестициялауға көшетін уақыт келді", - деді мемлекет басшысы. "Біз жаңа өндірістердің құрылуына, Жапония технологиясының трансфертіне мүдделіміз. Мұндай жобалар үшін қажетті жеңілдіктерді, жер ресурстарын, минералдық ресурстардың кен орындарын ұсынуға, мемлекеттік тапсырыс беруге әзірміз", - деп мәлімдеді ол.

Н. Назарбаевтың айтуынша, жалпы алғанда соңғы жылдары Қазақстан шамамен 70 млрд АҚШ доллары көлеміндей тікелей шетел инвестициясын тарта алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны