27.02.2014, 19:16 10473

Нейрохирургия орталығы 40-тан астам технологияларды сәтті іске асыруда - С.Ақшолақов

Орталықтың жұмыс істеп тұрған 5 жыл ішінде біз өз тәжірибемізде 40-тан астам жаңа технологияны қолдандық. Бұл технологиялар Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет қолға алынуда. Бұған сеп болған алғаш рет бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу болып табылады.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ бүгінде Қазақстанда алғаш рет қолға алынып жатқан 40-тан астам технологияларды іске асыруда, деп мәлімдеді "ҰНО" АҚ директоры Серік Ақшолақов Strategy2050.kz берген сұхбатында.

"Орталықтың жұмыс істеп тұрған 5 жыл ішінде біз өз тәжірибемізде 40-тан астам жаңа технологияны қолдандық. Бұл технологиялар Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет қолға алынуда. Бұған сеп болған алғаш рет бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу болып табылады. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет көрсету мен медициналық қызмет көрсету нәтижесі мен сапа көлеміне тәуелді сандық нәтиже бойынша медициналық ұйымдарды қаржыландыру процесін жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді С.Ақшолақов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, барлық жаңа технология бүгінде республиканың өңірлеріне де жеткізілуде. Орталық өңірлердегі медицналық қызмет көрсету ұйымдарына 44 медициналық құрылғы жөнелткен.

"Бұл халықтың осынау заманауи құрылғыларына көптеп қол жеткізуіне жол ашты", - дейді С.Ақшолақов.

Айта кету керек, орталықта радиохирургиялық емдеу енгізу жоспарланған. Ол ісік ауруларының көзін жоюға мүмкіндік береді.

"Алдағы уақытта біз Қазақстанда радиохирургиялық емді дамытуды көздеп отырмыз. Бұл дегеніңіз стереотаксикалық құрылғыны қолдана отырып нейрохирургиялық паталогия кезіндегі алтын талаптардың бірі болып табылатын гамма пышақ секілді арнайы құрылғылармен емдеуге жатады", - деп түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны