29.10.2009, 15:44 3465

Новосибирск қаласында Қазақстан азаматы есірткі сатуға талпыныс жасау кезінде қолға түсті

Новосибирск қаласында Қазақстан азаматы есірткі сатуға талпыныс жасау кезінде қолға түсті

Павлодар. 29 қазан. Kazakhstan Today - Новосибирск қаласында Қазақстанның 32 жастағы азаматы есірткі сатуға талпыныс жасау кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Есірткі айналымын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінің Новосибирск облыстық басқармасына сілтеме жасап.

Мекеменің жетекші сарапшы маманы Анастасия Рыжкованың хабарлауынша, "Есірткі айналымын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінің Новосибирск облыстық басқармасының қызметкерлері облыс аумағында орныққан Қазақстаннан шыққан гашиш есірткілік құралының тұрақты таралу арнасын жойды".

"Арнаны Қазақстанның 32 жастағы азаматы, Алматы қаласының тұрғыны жолға қойған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Новосибирск қаласына кезекті рет келген жерде оны "Новосибирск" қонақ үйінің жанында салмағы 1 килограмм гашишті сатуға талпыныс жасау барысында есірткі полицейлері қолға түсірді. Ол мұндай ауқымды гашиш партиясын Алматы - Новосибирск бағытында қатынайтын пойыздың вагонында жасалған құпия орынның көмегімен алып шыққан ", - деді А. Рыжкова.

Оның айтуынша, "ұсталғанның айтуына қарағанда, қаржы саласында жоғары маманы бар ол жуырға дейін бір Қазақстан банкінде жұмыс істеген. Қысқартудан кейін қаржы тапшылығына ұшыраған ол есірткі сатудан өзге кәсіп таппағанын айтады. Бірақ ол өзінің таңдап алған жолының қаншалықты қатерлі екенін біле тұра оған барған".

Оны Новосибирск қалалық Железнодорожный аудандық соты қамауға алуға санкция берді. Оған аса ірі көлемде есірткілік затты сату үшін алып өту және сақтау жөніндегі баптармен айып тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны