28.05.2007, 17:26 2887

Новосибирск полициясы Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы героин топтамасын алып өтпек болған есірткі сатушыны құрықтады

ПАВЛОДАР. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Новосибирск полициясы Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы героин топтамасын алып өтпек болған есірткі сатушыны құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Новосибирск облысының Ішкі істер бас басқармасының ақпарат және бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

Бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, күдіктіні ұстау шарасын ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. "30 жастағы еркек сенбіде, 26-мамырда теміржол көлігімен Қазақстан-Ресей шекарасынан өткеннен кейін ұсталған. Мұқият тексеруден кейін одан 400 г героин табылған",- деп атап өтті полицейлер.

Новосибирск облысының Ішкі істер бас басқармасының ақпарат және бұқарамен байланыс бөлімі бастығының орынбасары Наталья Маслованың хабарлауынша, "шетелдік қонақ есірткінің бұл топтамасын Сібір астанасына асқазанына салып жеткізген". Оның айтуынша, "полицейлер әдетте есірткіні осындай жолмен тасымалдайтын қылмыскерлерді "түйелер" деп атайды".

Полиция ұсталғанның Тәжікстан азаматы екендігін анықтады. Есірткі сатушы Новосибирскінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталмыш дерек бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228-бабының 2-тармағы бойынша (сату мақсатында ірі көлемдегі есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, сатып алу, сақтау) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу істері жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны