29.02.2008, 14:30 910

Новосибирскіде ФҚҚ қызметкерлері Қазақстан азаматынан 6,5 кг героин тәркіледі

Новосибирскіде ФҚҚ қызметкерлері Қазақстан азаматынан 6,5 кг героин тәркіледі

Павлодар. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Новосибирскіде РФ ФҚҚ қызметкерлері Қазақстан азаматынан 6,5 кг героин тәркіледі. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ресей Федерациясының Новосибирск облыстық Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның 22 жастағы азаматы жоғары сапалы ауған героинін Сібір федералдық округі аумағында сатпақ болып тасымалдаған. Есірткі сатушы "ВАЗ-21140" маркалы көлікпен Ресейдің мемлекеттік шекарасын өткен. Бірақ ол Новосибирскіге кіре берісте "Стелла" ЖПҚ стационарлық постында құрықталған.

"Қарсы барлаушылар көлікті тексеру барысында жанармай багынан асқан ептілікпен жасалған құпия орын тапқан. Онда жапсырғышпен оралған 12 дорба болған. Ауғандық есірткі сатушыларға тән дәстүрлі "999" "888" "Скорпион" таңбасы қойылған орамалардағы зат 6,5 кг жуық героин болып шықты",- деп хабарлады Новосибирск облыстық Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан азаматына РФ Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағы, 30-бабының 1-тармағы және 288-1 бабының 3-тармағының "г" тармақшасы бойынша (Өте ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау және дайындау) айып тағылды. Осы баптар бойынша ұсталған азаматқа 7-ден 20-жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Барлығы, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Новосибирск облыстық Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкерлері соңғы уақыттарда заңсыз айналымнан жоғары сапалы 26 кг героин мен гашиш тәркілеген. Контрабарлаушылар екі халықаралық және аймақаралық қылмыстық есірткі топтарының мүшелерін ұстаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны