16.02.2015, 12:09 4535

"Нұр Отан" ел азаматтарын, саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырады

"Нұр Отан" партиясы барша ел азаматтарын, барлық саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы барша ел азаматтарын, барлық саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ атап өтуінше, бүгін партия саяси кеӊесініӊ отырысы өтіп, онда саяси шешім қабылданған. Б.Байбек партия мәлімдемесін Қазақстан халқына жария етті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазақстан халқы Ассаблеясын қолдай отыра кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы халық мүддесіне сай келетін еӊ дұрыс шешім деп санаймыз. Мұндай қадамныӊ қазірдіӊ өзінде-ақ Парламентті, Үкіметті, орталық және жергілікті басқару органдарын тастүйін жұмылдырып, халықтыӊ өміршеӊ энергиясын басты мақсат - отанымыз Қазақстан Республикасыныӊ гүлденуі мен өркендеуіне бағыттауға жол ашады.

Біздіӊ халқымыз ел тарихыныӊ еӊ бір шешуші сәттерінде болашақ ұрпақ қамы үшін даналық таныта отырып, өз көшбасшысыныӊ төӊірегіне топтасу мен бірігудіӊ еӊ билік деӊгейін көрсетті. "Нұр Отан" партиясы барша ел азаматтарын, барлық саяси партиялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдауға шақырады. Бұл біздіӊ ұзақ мерзімді Қазақстан-2050 стратегиясы мен Мәӊгілік Ел идеясыныӊ жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, бұдан да қуатты, бұдан да тастүйін бола түсуіміздіӊ тарихи мүмкіндігі", - деді Б.Байбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны