05.08.2008, 18:52 2758

"Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары мемлекет басшысына сенат депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну жұмыстары туралы хабарлады

"Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары мемлекет басшысына сенат депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну жұмыстары туралы хабарлады

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары Иділбек Жақсыбеков бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Нұр Отан" партиясының атынан сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну бойынша партияның өңірлік бөлімшелері жүргізген дайындық жұмыс туралы хабарлады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Осыған байланысты "Нұр Отан" партиясының атынан шыққан кандидаттарды қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарының жоспары талқыланды.

"Кездесу барысында президент қыркүйек айында ашылатын парламент мәжілісінің екінші сессиясына байланысты партия фракциясының қызметі, сондай-ақ, партияның жалпы ағымдық жұмысы жөнінде хабардар етілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Нұр Отан" партиясының төрағасы болып табылатын мемлекет басшысы жұмыстың негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлықпен күрес, кадрлық резервті дайындау және партия өмірінің басқа да маңызды мәселелері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны